26.08.2021
176
Құлағы естімейтін қария
Ертеде бір кісі болыпты. Жас күнінде құлағы жақсы естісе керек. Келе-келе құлағы естімей қалады. Бірде далада отырса маңырап қойлар келе жатады. Сонда ана кісі отырып: «Баяғының қойлары маңырап келуші еді, қазіргінің малдары аузын ашып келетін болыпты», — дейді.