26.08.2021
158
Қу тентек
Бір қу тентек байдың үйінің тұсынан:
— Мені аттан түсіріп алыңдар, әйтпесе анау ауылдың байына істегенімді сендерге де істеймін, — деп айқайлайды.
Бай тентектен секем алып, оны аттан түсіріп, сыйлы қонақ етеді. Сөз арасында әлгі тентектен:
— Егер аттан түсіріп алмағанымызда, не істер едің? — деп сұрайды.
— Не істей қоюшы едім, кетіп қалам да, — деп қарқылдап күледі қу тентек.