26.08.2021
217
Қу мен аңқау
Бір қу мал ұрлауға келіп, қолға түсіп қалады. Қойшы оны құлағынан ұстап, үйіне қарай сүйрейді.
— Ей, айналайын, құлағымнан сүйресең сүйре, мұрнымнан сүйрей көрме, — дейді қу.
Аңқау қойшы мұның жанды жері мұрны екен деп, құлағын қоя беріп, қуды мұрнынан жетелейді. Қу басын сілкіп қалады. Аңқаудың қолынан мұрын бұлт етіп шығып кетеді.