26.08.2021
170

Қотырдың дауасы
Бір адам қотыр ешкісін жетелеп молдаға алып барады.
— Молдеке, сіздің аузыңыз шипалы ғой. Осыған бір дем салсаңыз екен. Сұрастырып көріп едім, біреулер «мұның да уасы темекі суымен жуу» деді. Оларға сенбедім, үшкіріңіз. Ақысы, міне! — деп молдаға ақша береді. Молда ақшаны алып, қалтасына салады. Күбірлеп, күбірлеп ешкіні үшкірген болады.
Ақырында:
— Ешкіңді темекі суымен жусаң да, теріс болмас, — депті.