26.08.2021
173

Қоңырау
Кеңесбай жаз жайлауда, қыс қыстауда жалғыз үй отырады екен. Бір қасқыр малға шауып маза бермепті. Сондықтан Кеңесбай көрші ауылдың жігіттерін шақырып, қонақ ас береді де:
— Қасқырды тірідей ұстаңдар, — деп тілек айтады.
Жараулы аттың жалын тартқан жігіттер қасқыр мойнына құрық салып, ұстап әкеледі. Үй иесі оның мойнына қоңырау байлап, қоя беріпті. Ақыры әлгі қорқау аштан өледі.