26.08.2021
  150


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қожанасырдың сауда жасағаны

Қожанасыр бір жылы қауын егіп, қап-қап қылып қақ кептіреді. Оны базарға шығарып сатпақшы болады. Сөйтіп бір қабын арқалап, қолына ақ таяқты алып, базардың ортасына келіп:


— Қақ сатам, қақ сатам! — деп жар салып тұрғанын көрген халық:


— Мына бәле таяқпен ұрып, «қақсатам» деп тұр ғой. Басымыз аманында қашып құтылайық, — десіп, үйді-үйіне тарап кетіпті.





Пікір жазу