26.08.2021
  121


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қожанасырдың сатушы болуы

Өткен заманда Қожанасыр сауда жұмысымен айналысып, бір саудагердің дүкеніне сатушы болыпты. Бір күні тұтқиылдан ревизор келіп, апай-топай ревизия жасады. «Қорытындыда үш жүз сом ақша саудаңнан артық шықты», — деді ревизор. Қожа мұңайып қалды. Ревизор:


— Бұл ақшаның иесі кім? — деді.


Қожа күлімсіреп:


— Тапқан сіз. Әрине, сіздікі емес пе? — деді де, үш жүз сом ақшаны тұтасымен ревизордың қалтасына тыға салды да, тамсанып бетіне қарады. Ревизор ақша қалтасына түскен соң қоштасып жүре берді.


— Тоқтай тұрыңызшы, — деді Қожа сабырсызданып шыдай алмай.


— Ал тағы не айтарың бар еді? — деп тұра қалды дәмеленген түрімен.


— Оң қолыңыз сол қолыңызды, сол аяғыңыз оң аяғыңызды алдап тұр. Аузымдағы шайнап тұрған сағызымды жұлып алдың, жартысын беріп кетпейсің бе, найсап!





Пікір жазу