26.08.2021
  239


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қожанасырдың сандыққа жасырынуы

Қожанасырдың үйіне бір топ ұрылар іс-міс жоқ кіріп келіпті. Оны сезіп қалған Қожанасыр олардан бұрын өз сандығына кіріп жасырынып үлгіреді. Ұрылар ары-бері тіміскілеп жүріп, үйден жарамды дәнеме де таба алмаған соң, сандықты ашып қараса, оның ішінде бұғып, жасырынып жатқан Қожанасырды көреді. Ұрылар:


— Хош, бұл қалай, сандықтың ішінде не істеп жатырсың?


— Үйде сендер алатын жарамды ешнәрсе болмаса да сендердің арсыздықпен кіргендеріңе намысым келіп ұялып жатырмын, — депті.





Пікір жазу