26.08.2021
  137


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қожанасырдың кедейді жақтауы

Ертеде бір кедей жол жүріп келе жатып, бір байдың үйіне кіріп келеді. Сол кезде бай үйінде тамақ жеп отыр екен. Кедей:


— Мен жол жүріп, қарным ашып келеді. Жеп отырған тамағыңыздан ауыз тигізіңіз, байеке! — дейді. Бай:


— Менің саған арнаулы тамағым жоқ, — деп, жеп отырған тамағынан кедейге бермей, асыға-ұсыға жеп қойыпты. Жеп отырған тамағымның үстіне келіп, жемесең де, иісін иіскеп қалдың ғой, — депті.


Кедей мен бай осылай әңгімелесіп отырғанда, Қожанасыр келіп қалып:


— Неге көңілсіз сөйлесіп отырсыздар? Не болды сіздерге? — деп сұрапты.


Сонда кедей Қожанасырға баймен екеуінің арасындағы әңгімені айтып беріпті. Қожанасыр да бай мен кедей арасындағы болған әңгімеге тез түсіне қалып, байға:


— Байеке, менде көп ақша бар. Саған ақша керек болатын болса, мен саған қолымдағы ақшамнан, керек десеңіз, барлығын қарыз берейін, — депті. Сонда бай:


— Қане, көрсетші ақшаңды, — деп Қожанасырдан сұрайды.


— Қалтасындағы ақшасын суырып алып, байға көрсетсе, бай:


— Осы ақшаңды қанша болса да қарызға бер. Маған ақша өте зәру еді, — деп Қожанасырдың етегінен ұстап, жібермей жабы са кетеді. Сонда Қожанасыр:


— Ойбай-ау, саған бұл ақшамды бере алмаймын, өзімнің қаражатыма керек, — деп ақшасын тезден қалтасына сала салып:


— Ақшамның өзін алмасаң да, ең болмаса түсін көріп қалдың ғой, — деп Қожанасыр кедейді жақтаған екен.





Пікір жазу