26.08.2021
229
Қожанасырдың есегі
Күндердің күнінде жоғалып кеткен есегін іздеп жүрсе, алдынан бір құрдасы жолығыпты.
Қожанасыр оған:
— Менің есегімді көрдің бе? — деп, жоқ қарап жүргенін айтыпты.
— Иә, көрдім. Есегің мынау бір қаладағы мешітке сопылық міндетін өтеп жүр, — депті.
Сонда Қожанасыр:
— Дұрыс, дұрыс. Мен де оған жастайынан құлағына сыбырлап «сопы боларсың» деуші едім, — деп Қожанасыр есегін қайтып іздемей, құрдасымен бірге кете беріпті.