26.08.2021
  206


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қожанасырдың басы қасқа, шашы сирек кезінде шаш алдыруы

Қожанасыр шаштаразға барып бір теңге беріп, шашын алдырыпты. Арадан біраз уақыт өткен соң екінші рет тағы да шашын алдырыпты. Шашын алып болған соң Қожанасыр орнынан тұрып, ақы төлемей кете беріпті. Шаштараз Қожанасырды тоқтатып, бір теңге ақша төлеуін талап етіпті.


Оған Қожанасыр ашуланып:


— Ей, сенде ынсап бар ма, жоқ па? Менің басым қасқа, шашым сирек, сондықтан жұрт төлегеннің жартысын бермеймін ба? — деп кете беріпті.





Пікір жазу