26.08.2021
160

Қожанасыр мен шаштараз
Қожанасыр шаштаразға сақал-мұртын алдыруға барады. Шаштараздың ұстарасы өтпей, бас терісінің құйқаларын қырқып, кесіп алған жеріне ақ мақтаны жалбыратып қоя беріпті. Қожанасыр насыбай шақшасының айнасына қарап тұрып, шаштаразға:
— Сізге рахмет, басымның тең жартысына мақта егіпсің, енді қалғаныңа туғандарым тары егіп жесін, — деп Қожанасыр орнынан тұрып кетіпті.