26.08.2021
169

Қожанасыр мен қызыл дәрі
Бір күні Қожанасыр базардан келе жатып жолда есегі жүрмей қалады. Есектің басы-көзіне аямай ұрса да жүрмейді.
Қожекең базардан алған қызыл дәрісінің біреуін есектің құйрығына қыстырып қояды.
Есек бірден жүгіріп кетеді. Ал енді есегіне жүгіріп жете алсайшы. «Қызыл дәрі жүйрік ететін көрінеді», — деп Қожекең өзі де қызыл дәрінің біреуін қыстырып алады.
Содан есегінің ізінен Қожекең де зытып кетеді. Үйіне жетіп келсе де, тоқтамай үйді айналып жүгіріп жүрген Қожекеңді көріп кемпірі:
— Ау, Қожеке! Бұл не жүгіріс, тоқтасайшы, — депті. Сонда өзін-өзі тоқтата алмай жүрген Қожекең:
— Әй, кемпір! Маған жетем десең, қызыл дәріден сен де бір көргін! — деген екен.