26.08.2021
140
Қожа түсінен шошып оянады
Бірде Қожа да түс көреді. Түсінде терең суға құлап түссе керек. Суға бір батып, бір шығып ағып бара жатып, оянып кетеді де:
— Қатын, қатын, түрегел, құдайы күлше садақа бер жұртқа, мен түсімде суға ағып бара жатыр екенмін, — дейді.
— Тәңір-ай, түс түлкінің боғы емес пе, не етуші еді, — деп әйелі жата береді.
Сонда Қожа:
— Әй, қатын-ай, сенде ес болсайшы, түс өзімен кетпей, өңімде кездессе, қайтемін, соны айтсаңшы, — депті.