26.08.2021
175
Қожа Ахметтің ұлының өлімі (ІІ нұсқа)
Сури халқы қаншама таяқ жегендеріне қарамастан, Қожамен жауласуын қоймайды. Қожаның Ибраһим деген бір ұлы және бір тамаша аты болады. Бір күні оның: «Кімде-кім ұлымның өлім хабарын естіртсе, соған атымды беремін», — деген сөзі Сури халқының құлағына жетеді. Күндердің бір күнінде Шаһзада Ибраһимді бір ағаштың түбінде ұйықтап жатқан жерінен басын кесіп алып, оны бір сүлгіге орап, Қожаның алдына әкеліп тастайды. Қожа олардан «Бұл не?» деп сұрайды. Жаңа піскен қауын әкелгендерін айтады. Қожа істің мән-жайын түсініп, іші өртене отырып бәрібір атын береді және соңынан қан дауы болып, араларында мәңгі-бақи дұшпандық қалмасын деп өлтірген адамға қызын да береді.