26.08.2021
  417


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қожа Ахмет Ясауи

Ысқақ Бабтың ұрпақтарынан тарайтын Ибраһим шайхтан екі бала болады. Солардың бірінің аты Ахмет болады. Бірде бала Ахмет үйден шықса, атасы Ибраһим шайх шұқшиып жер шұқылап отыр екен.


— Ата, не істеп отырсыз? — деп сұрағанда:


— Е, балам, егістікті жегенелеп отырмын, — деп жауап береді.


— Ой, ата-ай, соған да осыншама әуре боласыз ба? Бір ауыз сөзбен бітірмейсіз бе? — дейді Ахмет.


— Ондай қолымнан келмейді, қолыңнан келсе, сен жасай ғой, — деп, әкесі баласын сынамақ мақсатпен рұқсат беріпті.


Сонда жас Қожа Ахмет тұрып:


— Жегенең жерге қал, бегенең бетке шық! — деген екен.


Дәрет алып келген атасы қайран қалып:


— Е, балам, саған Алла тағаланың құдіретімен әулиелік дарыды, енді Жарылқаушы иең қайда жол көрсетсе, сонда бар! — деп батасын берген екен.





Пікір жазу