26.08.2021
174
Қара құлақ ат
Бейсенбінің ұлы Оспан (Алтайда Қара оспан аталады) атастырған қалыңдығы Рәбиғаны алар жолында өзінің тума аты қара құлақ атты мініп, күйеу жолдастыққа Байтарақ, Жақсыбай деген адамдарды ерте барған. Осы тойда ат бәйгесі болып, құдалардың арнаулы баптап әкелген жүйрігі болмағандықтан, күйеу жігіт оспан қара құлақ атты баптамай бәйгеге қосқан. Бапсыз сәйгүлік қара құлақ ат бәйгеден келіп, Байтарақ ба-
луандықта жығып, Жақсыбай Айжан деген қызбен айтысып жеңіп, құдалар жақ өнердің әр түрінен жеңістік алған. Сол замандағы Жақсыбай мен Айжанның айтысы, өзіндік айтыс салтын сақтаған қалпымен ауыздан-ауызға тарап, ел арасында қазірге дейін сақталуда. Осы келін түсіру барысындағы қуаныш Бежеңе шабыт қозғап, «Қара құлақ ат» күйін туғызған.