26.08.2021
182

Қанды ағаш
Алтайдағы өтірікші Құрманғали әрі жалқау тілазар екен. Бір күні жағарға жарты бұрау отын қалмаған соң, әйелі бұлқан-талқан боп, орманға жұмсапты. Әлгі ғана кеткен күйеуі іле-шала атын ақ көбік қып, алақ-жұлақ етіп шауып келеді.
— Не болды, осыншама алқынып, абдырып? — дейді бәйбішесі.
— Қарағайға балтамды қадап кеп қалып ем, қып-қызыл қан бұрқ етіп, шапшыды дейсің. Зәрем зәр түбіне кетті, — дейді Құрманғали.