25.08.2021
159
Қайран сары май
Баяғыда Құлақай деген кісі өте қу екен. Сол қу қаланы аралап жүріп, сары май сатып тұрған дүкенге келеді де, саудагерден:
— Бұл не? — деп сұрайды.
— Сары май.
— Е, сары май? — деп Құлақай майдан бір асайды. Әні-міне дегенше:
— Сары май, сен мені таныдың ба? — деп тағы бір асайды.
Саудагер ашуланып, ұрсып, май ыдысын ары алып қояды.
Сонда Қулақай:
— Сары май, кеттім-ау, саған жарымай! — деп дүкеннен шығып жүре беріпті.