25.08.2021
  146


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қазақ пен қалмақтың күйі

Қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілігі көп заманда екі елді егестірген мәселенің түйіні ұдайы найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен ғана шешіліп отырмаған. Найзадан өтімді сөзге тоқтаған, қылыштан өткір уәжді тыңдаған кез де аз болмаса керек.


Бірде екі жақтың әскері сеңдей сіресіп, мұздай қаруланып келіп, үлкен бір қантөгіс шайқас басталғандай екен. Сонда елдің қамын ойлап белі бүгілген бір қарт тұрып: «Уа, ағайын! Арадағы түйін-түйткілді қан төкпей шешейік!» деп сөз бастайды.


Сол кезде тіресіп келген екі ел әскерінің ішінде бірінен-бірі асқан дәулескер қос күйші бар екен. Сол екі күйшіні күй сайысына түсіріп, қай жағы жеңсе, сол жағының талабын орындауға уәде етіседі.


Сонда қамалдай қаумалаған қалың әскердің ортасына ақ киіз жайылып, үстіне қос күйші шығарылады. Алғашқы кезекті қазақ күйшісі алып тартқан екен.


Екінші кезек қалмақ күйшісіне тиеді.


Күй біткенде екі жақтың түнеріп тұрған әскері соғыспақ ниеттерін ұмытып кеткен екен дейді.





Пікір жазу