25.08.2021
185
Күйеу баланың үйінде...
Қоштай соғым кезінде өз руынан ұзатылған бір қыздың үйіне барып қонады. Қонақасында табақ тартылғанда бай, күйеу бала, Қоштай үшеуі табақты қоралай отырады. Табақ әкелген қарындасы да табаққа жақын келіп отырады. Ет турауға оңтайланған Қоштай табақтан тоқпақ жілікті, сиырдың мол ішегін және ұсақ-түйек етті жасырып жапқан сиырдың түкті қарнын көреді де:
— Байлар, өз салтанатын көрсететін кежімді аттарына ғана емес, байлығы мен салтанатын әйгілеу үшін табағына да жабатын болған екен-ау, — дейді мырс-мырс күліп.
Мұны естіген бай мен күйеу бала жауап қайтара алмай, қайта-қайта Қоштайдың қарындасына қарай береді. Сонда қарындасы есіктен шыға жөнеліпті.