25.08.2021
149
Көрегендік
Бір күні Қожанасыр маңындағыларға:
— Мен көрегенмін! — деп мақтанады.
— Сонда не істейсің?
— Адамның ойындағысын табамын.
— Е, қойшы?
— Рас айтамын.
— Ендеше, айта қойшы. Біз қазір не ойлап отырмыз?
— Сендер қазір осы шын айта ма, әлде өтірік айта ма деп ойлап отырсыңдар.