24.08.2021
  206


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Көкбалақ

Кербалақ пен Көкбалақ даңқы қатар шыққан тұлпарлар екен. Кербалағы сұлу мүсінді, ойнақтаған қызу қанды, мінезді ат болса керек. Ал Көкбалақ ондай емес, селт етпес сабырлы, бірақ, ұлы дүбірде тегеурін танытатын лақпа жүйрік болыпты. Екеуі де иесіне екі түрлі қызық-қуаныш сыйлап, бірі сән-салтанатымен күйшінің көңілін өсірсе, екіншісі сенімін орнықтырып, жанын марқайтады екен. Бұл екеуін күйші де мәпелеп бағып, «бірінің бағын біріне байлатпайыншы» деп, бәйгеге қатар қоспайтын көрінеді.





Пікір жазу