24.08.2021
280
Көйлегімнің ішінде өзім болғаныма шүкір... (І түрі)
Қожанасыр бір күні түнде далаға шықса, есіктің алдында ағарып тұрған бір затты көреді. Жалма-жан үйіне жүгіріп кіріп, мылтығын алып шығып, әлгі ағарғанды атып тастайды да, «неде болса ертең көрермін» деп үйіне кіріп жатып қалады.
Ертеңіне тұрып түндегі атқан нәрсесін қараса, ол өзінің жуып, жайып қойған көйлегі екен, мылтықтың оғы шұрқ-шұрқ қып тесіп кетіпті. Қожа көйлегін әрі-бері айналдырып көріп тұрып:
— Қатын, қатын, апырай, көйлегімнің ішінде өзімнің болмағаныма шүкір, егерде өзім болсам, не болар едім? — депті.