24.08.2021
  170


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Кісі байда біз құтыяйық,

Бір әйелдің жақсы көретін замандасы амандаса келіпті. Бар-жоғын дастарханға салып әңгімелесіп отырғанда, ойнап кеткен балалары белдеудегі атты көріп, үйіне жүгіріп кіріп жайнап тұрған дастарханды сыпырып-сиырып ала жөнеліпті.


Ызаға булыққан әйел замандасынан сырын жасыра алмай:


— Әкелері үйге тоқтамайды, осы қара құрттардан көргенім-ай! Кісі келсе, түгел құртып кетеді! — деп шағыныпты. Мұны естіген кіші ұлы шүлдірлеп:


— Апа, апа, кісі байда біз құтыяйық, кісі кеткен соң құты, ия, апа, — депті есіктен бір жылт етіп.





Пікір жазу