24.08.2021
167
Кімді кім алдайды
Ауылдың ақсақалы қаладан келген бір қызметкерден:
— Балам, қалада жұрт арақты қалай ішеді? — депті.
— Жиналыс ашып ішеді.
— Жиналыста өтірік айтуға бола ма?
— Болмайды.
— Ендеше, біздің ауылдың жігіттері денсаулық үшін деп ауырады. Достық үшін деп ішіп, төбелесіп тарайды. Сонда кімді-кім алдаған болады?