24.08.2021
  397


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Кім көргіш

Қаракесек Келдібек жігіт күнінде (қыз таңдап) түсінде ата-бабаларының аян бергеніндей қызды кездестре алмай, үйленбей көп жүріп қалады. Күндердің бір күнінде бір жерде үлкен жиын-той болыпты. Сол тойға жиылған көп сұлулардың ішінен аяғын сылтып басатын, көзі кәдімгіден қиғаштау бір қызға көзі түседі де, оны ұнатып қалады. Көп ойлануға шамасыда келмеген Келдібек әке-шешесінің қасарысқан қарсылы ғына
қарамастан құда түсіріп, қызға үйленіп те үлгеріпті.



Ауыл-аймақ, тума-туыс бәрі-бәрі: «япырай, «таңдаған тазға» деген осы да» деп таңданған екен. Бірде Келдібектің құрдас, көңілдес досы шай үстінде отырып:


— Келдібек-ау, осы екеуіңнің қайсыңыз көргішсіңдер? — деп күлістік еткендей болады. Сонда келіншек құрдас-досына сыпайы ғана күлімдей қарап:


— Жасырмаймын, көзім қыли, ақсақпын,
Келдекеңмен сондай тату жақсы-ақпын,
Татулықтың белгісіндей ұмытылмас,
Төрт божанды билейтін ұл таппақпын! —


деген екен. Көп кешікпей келіншек ұл тауып, атын Қазыбек қойған екен. Осы орта жүзді билеген Қаздауысты Қазыбек атанды.





Пікір жазу