24.08.2021
304

Жыл айырғыш жігіт
Қалжыңдасып отырып бір келіншек қайнысына:
— Жыл қайырып менің жасымды таба ғой! — дейді. Жігіт қу екен:
— Жарайды. Сен қаншадасың? — деп сұрайды. Келіншек аңқау екен, жасын айтып қояды. Жігіт жыл қайырған болып, біраз күбірлеп отырып, келіншектің әлгі өзі айтқан жасын айтады. Оған келіншек:
— Жыл қайырғыш екенсің ғой! — деп риза болады.