24.08.2021
  125


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жыл

Бір кісі Қожанасырдан:


— Жылыңыз не? — деп сұрапты.


— Айдаһар, — депті Қожа.


— Жылдың бірі — жылан, ал «айдаһар» деген жыл бар екенін осы жасқа келгенімше есітпеп едім, — депті әлгі кісі.


Оған Қожанасыр:


— Он жасымда кәрі шешем жылың — жылан деп еді. Қазір алпысқа келдім. Елу жылда жылан айдаһар болмай, адам болар деп пе едің? — деген екен.





Пікір жазу