24.08.2021
  151


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жоғалған әмиян

Ақшасы бар әмиянын жоғалтып алған Қожанасыр үйіне көңілсіз келеді. Бұл туралы әйеліне бірден айтуға сескеніп, алыстан орағыта сөйлейді:


— Қатын, бүгін базардағы жұрттың бәрі де әмиянын жоғалтумен болды, күлкіге әбден қарық болдық, — дейді.


— Сіздің оларда неңіз бар? Сіз жоғалтқан жоқсыз ғой, әйтеуір, Құдай оның бетін аулақ қылсын! — дейді әйелі.


— Өзің бір қызық әйел екенсің, — дейді мырс етіп күлген Қожа, — бәрі әмиян жоғалтып жатса, сонда, немене, мен соларға аузымды ашып қарап тұруым керек пе, а?





Пікір жазу