24.08.2021
  344


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жиренше туралы

Жиренше келе жатып, тезек теріп жүрген үш қызды көреді. Әлден уақытта қатты жаңбыр жауады. Екі қыз тезегін тастап ауылға жүгіреді, ал біреуі екі қапты қатар қойып, үшіншісін үстіне қояды да, өзі астына тығылып жатады. Жаңбыр ашылғаннан кейін тезегін алып үйіне келеді. Жиренше бұл қыздың қай үйге баратынын қарайды. Қыз шеттегі қараша үйге барады. Қыздың әрбір қылығына сүйсініп отырады. Кетерде қыздың әкесіне қызына көңілі барын білдіреді. Оған әкесі басын сипайды. Жиренше тулақтың жүнін сипайды. Ол былай дегені еді: «Шашым түгіндей мал берсең берем», — деген еді, оған Жиренше: «Тулақтың түгіндей болса да, беремін», — дегені еді. Оған көз қалта береді: «Осыны алтынға толтыр», — дейді. Жиренше ол қалтаға қанша алтын салса да толмайды. Сонда Қарашаш оған: «Сен бір уыс топырақ сал, сонда толады», — дейді. Оған құм салған уақытында ғана толып, алтын қалтаның аузынан шығады. Содан кейін Жиренше Қарашашқа үйленген екен дейді.





Пікір жазу