24.08.2021
  199


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жиренше (Бірінші әңгімесі)

Жиренше деген адам қай хан болса да, бір ханның қасында болып, ханмен бірге тұрып, бірге жүріп, ханның қадірлі биі, сөз тапқыр адамы болыпдүр дейді. Һәр уақыт хан Жиреншені қалдырмай өзіменен бірге алып жүреді екен дейді. Ханменен еріп бірге жүргенде Жиренше жарықтықтың әдеті — хан бір ауылға қонайын десе, болмаса түстенейін десе, ханның алдынан шабуылдап ханның түсетін үйіне барып: «А, хан келе жатыр, түсемін, қонақ боламын дейді. Үйіңде хан жоқ па?» — деп сұрайтын еді дейді. Сонда тұрып үй иесі: «Үйімде әйел, бала-шағамыздан басқа қонақтан ешкіміміз жоқ. Хан түссін, қонақ болсын! — десе, «жоқ, үйіңде хан бар екен. Ханның үстіне хан түсіп, екі хан бірге үйлесе алмас», — деп әр уақыт ханды баласы бар үйге түсірмейтін еді дейді жарықтық.





Пікір жазу