24.08.2021
  126


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жатқан қарын тек жатар

Үй иесі сараң екен. Келген қонаққа ас-дәм татқызбайды. Әңгіме айтып отыра береді. Кеш батып, түн болады. Қонақ қарны ашқанын сездіреді. Сонда сараң:


— Жатқан қарын тек жатар, енді ұзамай таң атар! — деп қонақты құр ауыз жатқызады.





Пікір жазу