24.08.2021
177
Жарылыңнан да әкел...
Бұрынғы уақытта бір бай қазақ көп дүние сатып алмақ болып, базарға барады. Мақтанып дүкеншіге ананы бер, мынаны бер, анадан онша бер, — деп лепіреді.
Сонда қу саудагер дүние алушының мақтаншақ екенін байқап, оны келеке етіп:
— Жарыл, қазақ, жарыл! — дейді. Бай оны бір зат екен деп ұғады да:
— Ендеше сол жарылыңнан да әкел! Оны да алайын! — депті.