Жапақ батырдың Сары қазақ атануы (VІІ нұсқа)
Абылайдың Қалдан Серенге тұтқынға түсуі. Жоңғарлардың қырғыздарға жасаған бір шабуылында Абылай жекпе-жекте Қалданның ұлы Шаршыны өлтіреді.
Сүйікті ұлының қазасын естіген Қалдан кім болса да, қайда болса да, ұстап алдына әкелуді бұйырады. Қалмақтар аң аулап жүрген Абылайды тұтқиылда қолға түсіріп, қасындағы бірнеше би және атығай руының әйгілі батыры Құдайберді Жәпекпен Қалданға алып келеді.
— Менің ұлымды қай жерде өлтірдің? — деген сұраққа, Абылай былай жауап береді:
— Сен мені айыптап отырсың. Бірақ оны өлтірген халық, мен тек сол халықтың қалауын орындап, Шаршының басын алдым.
Қалданның бұл жауапқа разы болғаны соншалықты — «мюн, мюн» деп бірнеше рет қайталайды да, жендетін тоқтатып, Абылайды киіз үйге қамап, қатаң бақылау қояды.
Абылайдың нағыз азабы сонда басталады. Шаршының анасы ұлын өлтірген қазақты (қырғызды) көру үшін күнде келеді, келген сайын оған қарғыс жаудырып лағынеттейді. «Сен оны не үшін өлтірдің», «оған қалай қолың барды» деп айыптайды. Абылайдың төзімі таусылады, бір күні ана тісін шықырлатып өзінің әдеттегі сауалын қойып жұдырығын түйе ұмтылғанда, ол былай деп жауап береді:
— Сенің ұлың сияқты қаңғыған құлдар қайда өлмеді дейсің, кәрі қалмақ!
Әйел күйеуіне жүгіріп, астамсыған қазақты өлтіруді талап етеді. «Абылайды өлтіріп жүрмесін» деп қорыққан Қалдан, оны және Жәпек батырды тұтқыннан босатып жібереді. Аманатқа Жапақтың ұлын қалдырады, ол өзінің батырлығымен және тапқырлығымен көзге түсіп, Сары қазақ атанады.