24.08.2021
  127


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жақсы Жанайдар (ІІ нұсқа)

Бұхар ханы Абылай ханға айтты:


— Маған қызын жіберсін!


Қырық биі мен қызын жібереді: алты қанат ақ үй менен, он нарға жүк артып.


Бұхар ханы қырық биден сұрады:


— Абылай тегі асыл ма, менің тегім асыл ма? Қырық би айтты:


— Сіздің тегіңіз асыл, сіздің жеріңіз асыл, ише өзіңіз асыл. Сіздің жеріңізде етікпенен намаз оқуға жарайды.


Бұхардың ханы сұрады:


— Жолдасыңыз бар ма қасыңызда?


— Бір атшы бала бар, он үште бала, — дейді. Хан:


— Оны шақыр! — дейді.


Шақырып келді. Бұхар ханы айтты:


— Ай, балам, — дейді, — менің тегім асыл ма, Абылайдың тегі асыл ма?


Бала айтты:


— Абылай тегі асыл.


Хан:


— О, неге? — дейді. Бала айтты:


— Абылай атасы нұрдан пайда болған, садағын күнге асқан, сіздің атаңыз Қоқандық қара сирақ сарт еді.


Бұхардың ханы қырық биге сыйлап бергені жалғыз балаға бергеніне тең болды.





Пікір жазу