24.08.2021
  178


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ештеме...

Екі адам әкімнің алдына арызданып келіпті. Даугер:


— Әкім тақсыр, мына адам бір арқа отын көтеріп келе жатқанда аяғы тайып кетіп отыны шашылып қалыпты. Ол көмек сұраған соң мен «ақысына не бересің» дедім. Ол «ештеме» деді. Осылай келістік те, мен оның отынын терісіп, арқалатып жібердім, бірақ ол алғашында мақұл болған «ештемесін» берген жоқ, — дейді.


Әкім бұл дауды да Жұқаның бітіруіне жолдайды. Даугер Жұқаға жоғарыда дегендерін қайта бір рет айтып шығады. Мұны естіген Жұқа:


— Рас, рас, сен де лайықты ақы алуға тиістісің, — дейді.


Онан соң сол адам отырған орындықтың үстіндегі көпшікке қарап:

— Өлім, бері кел, мына көпшікті аш тағы астындағы нәрсені алып кет, — дейді. Әлгі адам көпшікті еппен ашады да, Жұқаға ежірейе қарап:


— Ештеме жоқ қой, — дейді.


Сонда Жұқа:


— «Ештеме жоқ қойды» алып кете бер, сенің алуға тиісті ақың сол, — дейді.





Пікір жазу