24.08.2021
  117


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Есмағамбет пен Отарбай

Жағалбайлы Отарбай қажы Қондыбаев соңғы кезде бидай саудасының қызығына түсіп, келген қонақпен ісі болмайды екен. Қонақ мейманханада отыра береді де, байдың өзі далада біреуден бидай алып, біреуге бидай сатып, сапырылысып жататын әдет шығарыпты. Бұл әдет елге ерсі көріне бастайды.


Бір күні Есмағамбет келіп қонса, Отарбай өзінің ескі әдетін істеп, далада сабылып жүреді.


— Маған сарайдан таңдап үш бидай әкеп бер. Бірінен бірі үлкен болсын, — дейді байдың інісі Сейітжанға Есмағамбет.


Сейітжан айтқанындай үш бидай әкеп береді. Тамақ піскен кезде Отарбай үйге келеді. Сол кезде Есмағамбет:


— Атаңа рахмет, ақ бидай, Адам атаны бейіштен шығардың! — деп төс қалтасына салады.


— Спасиба, қобаң бидай, Жаманшаловты түрмеге жаптырдың! — деп оны екінші жақ төс қалтасына салады.


— Қасиетіңді .... қызыл бидай, Отарбайды әлі күнге үйінде отырғызып қойдың, — деп үш бидайды сөгіп лақтырып жібереді.


Осыдан кейін Отарбай ұялып, өз әдетін түзетіпті.





Пікір жазу