24.08.2021
176

Есек жүгі
Ақсақ Темір, оның уәзірі, Қожанасыр — үшеуі аңға шығады. Шаршаған кезде Темір шекпенін шешіп, Қожаға береді. Кейін оның уәзірі де солай етеді. Темір әзілдеп:
— Қожеке, үстіңізге бір есектің жүгін артып қойдық-ау! — дейді.
Сонда Қожа:
— Бір есектің жүгі болса, ештеңе емес қой. Менің үстімде қазір екі есектің жүгі бар, — деген екен.