24.08.2021
179
Ер-азамат екі сөйлемес болар (ІІ түрі)
Бірде Қожаның жасын сұрағанда:
— Қырықтамын, — десе керек. Арада он жыл өткен соң:
— Нешедесің? — десе, тағы да:
— Қырықтамын, — дейді.
— Мұның қалай, бұдан он жыл бұрын «қырықтамын» демеп пе едің?
Сонда Қожа:
— Ер-азамат екі сөйлемес болар. Тәңір жалғыз, Тәңірдің құлы адамның сөзі де жалғыз-ақ болуға тиіс. Ол түгіл, жиырма жылдан соң сұрасаң да, мен айтқанымнан қайтпаймын, — депті.