24.08.2021
143
Ер Сары
Ер Сары негізінде жауларын жекпе-жекте жеңіп отырған. Сарыарқадағы елін қорғап, олжаларын бөліп беріп отырған. Ер Сары сексенге келген шақта Еділ бойындағы қалмақтар қонысы, атажұрты жоңғарға өтпек болып, қазақ жерін басып, малын алмақ болады. Абылай ханның бұйрығымен Сары батыр керей-уақтың мың жасағын басқарып, Еділ-Жайықтың арасында ұрасайда қалмақтармен соғысады. Қалмақтар айла
жасап, батырдың жолына ор қаздырып қояды. Абайсызда Көктұйғын тұлпар орға түсіп, аяғын сындырып алады. Құлап тұскен Ер Сарыға жаулар лап қояды. Сол кезде Сарының баласы Ноян батыр әкесін жау қолынан құтқарып алады. Бірақ қатты жараланған батыр көп ұзамай көз жұмады.