24.08.2021
371
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed[11].jpg)
Енді не күй сұрайсың
Ағайынды үш жігіттің үшеуі бірдей жалқау, үй күшік болыпты да, әйелдері салақ, істеген тамақтарына қыл-қыбыр араласып жүреді екен. Еңбекқор ата-ана қанша айтып жатса да, олардың бұл қылығы түзелмепті. Бір күні қонаққа салақ келіндер дастарханға аз ғана құрт салып, күлді күмештеп шай қойыпты. Шай үстінде үлкендердің күй-жайын сұрағанда, ызалы қария:
— Осы үйде алты қырт,
Жалқаулығы кетпейді.
Арқандаулы алты құрт,
Кеңірдегінен өтпейді.
Енді не күй сұрайсың, — деген екен.