24.08.2021
  151


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Еміл толқыны

Ертеректе Қара Ертісте мұз қатысымен, ел өтіп аржағына қыстайды екен. Бабақан би бастаған бір зәңгі ел, ежелгі әдеті бойынша көшіп, мұздан өтпек болады. Бабақан бірнеше адаммен мұздың аржағына өтіп, аттарынан түсіп, мұзға таңырқай қарап тұрады. Көшкен ел мұз ортасына келе бергенде, мұз ойылып, бір зәңгі ел мұз астына кетіпті.


Бабақан — 80 жаста, он балалы адам екен. Бірнеше баласының отауы да бар екен. Бұлар тұтас мұз астына кетіпті. Басқалар Бабақан биге тоқтау айтса да, елі-жұртын, бала-шағасын ойлап қайғы-зарға батып жүреді екен. Бұл хабарды естіген Қайрақбай бір сыбызғы күйін тартып, Бабақанға тоқтау айтыпты:


— Еменнің иілгені сынғанмен тең, сен еменсің, иілмейсің, қайғыға майысып сынасың, бірақ Еміл толқиды, иілмейді. Қайғы адамды толқытады, адам шыдамды болу керек, — деген екен.


Сондықтан бұл күйдің атын «Еміл толқыны» деп қойған екен.





Пікір жазу