24.08.2021
  207


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Екі мереке

Қожанасыр «8 март — Халықаралық әйелдер мейрамы» күні көршісі Сабырдың үйіне барып қапты. Сөйтсе Сабыр жасалған стол басында арақ ішіп, мәз болып отыр екен. Әйелі Тарагүл күле жүріп қызмет етіп жүр.


— Әйелдердің мейрамында өзіңді сыйлап отыр екенсің ғой, Сабыртай, — деп мысқылдап күліп жіберді Қожанасыр.


— Жоқ, Қожеке, бүгін менің туылған күнім еді, — деп өзін ақтай бастады.


Оған Қожанасыр:


— Әйел болып туыла қоймапсың да, қос мереке болар екен біржола, — депті.





Пікір жазу