24.08.2021
163
Ебін тапқан екі асайды
Баяғыда бір үлкен ас болып, аты бәйгеден келгендерге ас иесі жүлде үлестіреді. Соңынан:
— Тағы кім қалды? — деп сұрапты. Біреу:
— Боз атты Божбан қалды.
Құдайға жазған қалды.
Онан соң мен қалдым! — депті.
Ас иесі Божбанға:
— Оларға өзің үлестіре ғой, — деп үш жүлдені соған беріпті.
Сөз төркініне түсінбеген Божбан үш жүлдені де өзі алып кете беріпті.