24.08.2021
175
Дүниеде еркектер көп пе, әйелдер көп пе?
Бірде Қожадан:
— Қожеке, дүниеде еркектер көп пе, әйелдер көп пе? — деп сұраса керек.
— Әрине, әйелдер көп, — дейді Қожа.
— Неге олай? — дегенде, Қожа:
— Оның мәнісі былай: әйелдер өз алдына, ал әйелдерше шаш қойған еркектер де әйелдер санатына қосылады, дүниеде әйелдер көп болатыны сондықтан, — депті.