24.08.2021
165
Дәрігерді тосу
Ел шұбырып жататын қара жолдың бойында қой бағып отырған жігіт таңертең қойын өргізерде кәрі шешесінен:
— Апа, ары-бері өткен жүргіншілерді байқай отырыңыз, мұнда жалаң аяқ дәрігердің бірі келіп қалса, тымау дәрісінен алып қалыңыз, — деп тапсырып кетеді.
Бесінде қойдан оралған жігіт шешесінің жол бойында отырғанын көріп:
— Апа, неғып отырсыз? — дейді. Сонда баласына кейіген кемпір:
— Ойбай, балам-ай, күні бойы жолдан өткен елдің аяғына қараймын деп көзім талып кетті, әдіра қалғыр, әлгі жалаң аяқ жүретін дәрігерің бүгін келмеді ғой, — депті.