24.08.2021
228

Былтырғы аюға биылғы аю ұқсамайды
Өзінше аңшы атанып жүрген біреу «Аюлысай» деген жермен бір жігітті ертіп өрлепті.
— Ой, мен былтыр бір қақпан, мына мылтықпен бес аю алдым. Қорықпасаң болды. Ол өзі аңқау болады, — деп бөсіп келе жатқанда, алдағы өте беріс қысаңда қарақтап жеп бір аю тұрыпты. Сонда әлгі жігіт қатардан шегіншектеген аңшыға:
— Біздің беталысымыз аю алу емес, ептеп өтіп кетейік. Аю алып жүрген адамсыз, алда жүріңіз, — депті. Сонда қалтыраған аңшы:
— Жо, жоқ, қарағым, былтырғы аюға биылғы аю ұқсамайды, — деген екен.