23.08.2021
  213


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Бұл менің құла биемнің құлынын жеген

Қансонарда екі-үш кісі қасқыр соғып алады да, бұл қайсымызға лайық деп кеңеседі. Аңшылардың бірі молда екен, ол молдалығын бетке ұстап қасқыр маған тиісті деп өзеуреп болмайды. Өзгелері лажсыз көнеді.


— Жарайды, молдаеке, сізге байлайық! — дейді.


Сол кезде көлденең көк атты біреу келеді де, қасқырды іліп ала жөнеледі.


— Ау, жолың болғыр, менің байланған қасқырымда нең бар? — деп молда айқай салып қуады. Сонда көк атты:


— Бұл қасқыр былтыр менің құла биемнің құлынын жеп кеткен құныкер қасқыр! — деп кете береді. Молданың аузы аңқиып қала береді.





Пікір жазу