Бұған неғып күлмессің
Қожанасыр жайындағы халықтық аңызда мынадай бір ескертпе бар: «Қожанасырдың моласы жардың еңкіш жағасына еңкейте салыныпты, оны көргенде күлмей өткен адамның беті, ауызы қисайып кетеді екен» дейді. Мына естелік те сондай, мұны естігенде күлмей томсарып отыра алмайсың. Әрине, бетің, ауызың қисайып кетпейді, тек шек-сілең қата күлесің.
Оразалин Ілияс ауылда жалдамалы молдалардан оқыды. Одан кейін Атбасардағы медреседе оқып, едәуір сауаттанды. 1916 жылы майдан шебіндегі қара жұмысқа алынған қазақ жігіттеріне басшы болды. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында сауатты қазақтар қызметке тартылғанда, ол бастауыш мектептің мұғалімі болып тағайындалды.
Оқығаны да, тоқығаны да бар, қалаларда және «әскери» қызметте болған, мұғалім Оразалин Ілиястың орыс тілінде айтылып жүрген кейбір атауларды бұрмалағанына таңдандық, тіпті ылажсыздан күлдік.
Бірде, мекемеде қызметте отырған кезімізде келіп, сырқат- танып тұрғанын айтты. Амбулаторияға бар, дәрігерге көріндедік. Шек-сілесі қата күлді: «амбулатория» деген сөз оған ұятты сөз болып естілді.
Ертеңінде мекемеге кіріп келіп, сылқылдап күлді, көзінен жас ағып, айтқалы келген сөзін бізге дұрыс жеткізе алмады. Ол былай екен:
Сол күні қалалық алаңда көп адам қатысқан митинг болған. Онда Уездік партия комитетінің насихат бөлімінің меңгеру шісі Светличный жолдас халықаралық жағдай туралы сөз сөйлеген еді. Сол сөздерінде ол Амстердам қаласын бірнеше рет атаған- ды. Бұл атаудың амбулатория атауы сияқты, басқы екі әріпі Ілиястың құлағына ғаурат аты болып естіліпті. Ол соған күлсе, біз оның орынсыз күлгеніне күлдік.